"Ақмола облысы білім  басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сары-Оба станциясының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 1 станции Сары-Оба отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларындағы өзгерістер туралы

 

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы

№ 564 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспеде мынандай редакцияда жазылсын:

««Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы                                          63) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 63) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) оқуға қабылдаудың тәртібін, сондай-ақ «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» және «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібін айқындайды.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Мамандандырылған білім беру ұйымы:

      1) «Мың бала» ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиада жеңімпаздары үшін 7-сыныпқа қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 10% мөлшерінде;

      2) осы Қағидалардың 18-1) тармағында көрсетілген халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 5, 6, 7, 8 және 10-сыныптарға қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде квоталарды бекітеді.

      3)   Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласындағы оқушылар үшін 5, 6, 7, 8 және 10 сыныптарға қабылданатын жалпы оқушылар санының 5% мөлшерінде.»;

33-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

«4) 7-8-сыныпқа арналған тестілеу мынадай пәндер бойынша 85 сұрақтан тұрады (қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін):

математика және логика - 30 сұрақ;

оқу сауаттылығы - 15 сұрақ;

қазақ тілі мен әдебиет – 40 сұрақ.»;

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі

 

Г. Бейсембаев

 

 

 «КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі       

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 31.03.2025

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 35882 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Министерство просвещения РК - Директор Гульден Бериковна Акитаева, 27.03.2025 12:22:16, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Ботагоз Шаймардановна Жакселекова, 28.03.2025 16:47:57, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

ҚР Оқу-ағарту министрлігі - Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Г. Бейсембаев, 31.03.2025 09:16:23, положительный результат проверки ЭЦП


Текст