"Ақмола облысы білім  басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сары-Оба станциясының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 1 станции Сары-Оба отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АҚПАРАТ!!!

27.01.2025

❗️❗️❗️Әлеуметтік мессенджерлерде тараған оқу жылының мерзімін ұзарту туралы жалған ақпаратқа байланысты ҚР Оқу-ағарту министрлігі бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын және мұндай мәселенің қарастырылмайтынын ресми түрде хабарлайды.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының жобасында оқу жылының мерзімін, оқу жүктемесін ұзарту немесе қысқарту мәселесі қарастырылмаған. Оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімдері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.

2024 жылғы 10 шілдедегі №174 бұйрығына сәйкес 2024–2025 оқу жылы орта білім беру ұйымдарында 1 қыркүйекте басталды және 25 мамырда аяқталады. Бұл туралы бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Каныбек Жумашев және салалық ведомство өкілдері бірнеше рет түсіндірме берген болатын.

Құрметті қазақстандықтар, тек ресми ақпарат көздеріне  сенулеріңізді және провакацияға ермеулеріңізді сұраймыз.

Просмотров: 97


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст