Бүгін тілдердің жыл сайынғы онкүндігін ашатын жалпы мектептік жиын өткізілді. Тілдер онкүндігін өткізудің мақсаты этносаралық бірлікті нығайту, еліміздің барлық халықтарының мәдени мұрасы мен дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ мемлекеттік тілді танымал ету және дамыту арқылы көптілді тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Биыл тілдер онкүндігі Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 153 жыл толуына орайластырылды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. К. Дүйсекеева Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы туралы қазақ тілінде айтып берді. Әрі қарай орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Джудро Т.К. және 8 сынып оқушылары Амантаева Дильназ және Худякова Аделина Қазақстандағы орыс тілінің мәртебесі мен маңыздылығы туралы ақпарат берді. Салтанатты жиынды 9 сынып оқушылары Петрущак Мария мен Бочкарев Владимир аяқтады. Балалар Абай Құнанбаевтың өлеңдерін ағылшын тілінде оқыды.