"Ақмола облысы білім  басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сары-Оба станциясының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 1 станции Сары-Оба отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушылар мен ата-аналар қауымы "Күз"тақырыбында қолөнер көрмесін дайындап, өткізді

13.10.2025

"Адал азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында "Шабыт" жобасы мен ПДО, оқушылар мен ата-аналар қауымы "күз"тақырыбында қолөнер көрмесін дайындап, өткізді. Балалардың шығармашылық пен табиғатқа деген қызығушылығын дамыту, балалар мен ата-аналар арасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сондай-ақ ата-аналарды білім беру процесіне тарту мақсатында.
Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту:
Балаларды әдемі әлеммен таныстыру, гүлдердің, жемістердің және күзгі жапырақтардың сұлулығына тәнті болуға үйрету. Табиғи материалдармен жұмыс істеуге тұрақты қызығушылықты дамыту. Көркемдік-эстетикалық Дағдылар мен талғамды дамыту.
Отбасылық байланыстарды нығайту:
Бірлескен шығармашылық қызмет арқылы балалар мен ата-аналар арасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Ата-аналардың мектеп өміріне және тәрбие процесіне қатысу деңгейін арттыру.
Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу:
Табиғатқа деген сүйіспеншілік пен оған ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
Ата — аналарға табиғи материалдың балалар шығармашылығын дамыту үшін бай ресурс екенін көрсету.
Оқушыларға және олардың ата-аналарына мектеп іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін Алғыс білдіреміз!

Просмотров: 8


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст