Республика күнін мерекелеуге арналған іс – шаралар жоспары бойынша "Адал Азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында құндылық-тәуелсіздік және патриотизм, география пәнінің мұғалімі А.С. Петрущак және 9 сынып оқушылары орта буын білім алушыларына "Қазақстанның киелі жерлері"виртуалды экскурсиясын өткізді.
Мақсаты: тарихи және мәдени құндылығы бар Қазақстанның рекреациялық ресурстары туралы идеяны дамыту; отансүйгіштік пен туған өлкені зерттеуге деген қызығушылықты тәрбиелеу.
Дайындық кезеңінде тоғызыншы сынып оқушылары өздерінің пікірінше ерекше қызығушылық тудыратын Қазақстан нысандарын өз бетінше таңдады. Олардың географиялық орналасуын, тарихи ерекшеліктері мен қызықты фактілерін зерттеді. АИ көмегімен "Қазақстанның киелі орындары" презентациясы жасалды.
Әрі қарай, балалар орта буын оқушыларының алдында сөз сөйлеп, оларға Отанымыздың одан тыс жерлерге танымал таңғажайып жерлері туралы айтып берді.