Текст
03.11.2025
"Адал азамат" тәрбие бағдарламасы аясында құндылығы - "әділдік және жауапкершілік", 03.11 9 - сыныпта "адал адам - адал еңбек-адал азамат"сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: "парасаттылық" және "академиялық адалдық" ұғымдарын анықтау, оқушылардың оқуда және өмірде адал мінез-құлық ережелерін құрметтеуін қалыптастыру, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікке тәрбиелеу. "Заң және менің құқықтарым"тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың өз құқықтары мен міндеттері туралы түсініктерін тереңдету. Сабақ барысында оқушылар проблемалық жағдайларда шешімдер тауып, "адалдық пирамидасын" тұрғызды, "адал оқушының жадынамасын"жасады.
Сынып жетекшісі: Жаңабаева Н.А.