Текст
05.11.2025
“Адал азамат” бірлестігі бойынша бағытталған “Ұшқыр ой” жобасы барысында 5-6 сынып оқушыларына арналған мектепішілік олимпиада қазақ тілі сабағы бойынша өтті. Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың пәндік білімдерін тереңдету, оқу-танымдық қабілеттерін ынталандыру, дарынды балаларды анықтау, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау және аудандық кезеңіне іріктеу жасау барысында өткізілді. Барлығы олимпиадаға 18 оқушы қатысты. Мектепішілік олимпиада да жоғары ұпайға ие болған оқушылар: Таукелова Аяна 5 сынып, Терзу Ангелина 6 сынып оқушылары аудандық кезеңге жолдама алды. Барлық қатысқан оқушыларға алғыс айтамын. Дайындаған қазақ тілі мұғалімі: Дюсекеева Г.К.