12.12.2025
“Адал азамат” біртұтас бағдарламасы бойынша желтоқсан айындағы “Бірлік пен Ыңтымақ” бағдарламасына сай мектебімізде Алия Молдағұлова – “Ерліктің мәңгілік символы” атты оқушыларға мағлұмат бере отырып, әр - түрлі сұрақтар қойылды.
Мақсаты:
Оқушыларға Алия Молдағұлованың өмір жолы мен ерлігі туралы мағлұмат беру, оның батырлығын үлгі ету, отаншылдық сезімін қалыптастыру. Шағын мәлімет берілді.
Алия Молдағұлова – Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерлікпен көзге түскен қазақтың қаһарман қызы. Ол 1925 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Балалық шағы қиындықпен өткен Алия жас кезінен батыл, өжет болып өседі. Соғыс басталғанда ол өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебінде оқып шығады.
Алияның мергендігі, қайсар мінезі, ерекше ерлігі майдандастарының рухын көтерген. Ол жүзден астам фашист жауынгерін жойып, талай шайқаста батылдығымен көзге түсті. 1944 жылы Ленинград майданы маңында шешуші ұрыс кезінде Алия ерлікпен қаза тапты.
Өз өмірін Отан үшін құрбан еткен Алия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бүгінде оның есімі мектептерге, көшелерге, ескерткіштерге беріліп, халық жүрегінде мәңгі сақталуда.
Алия – Отанға деген шексіз сүйіспеншіліктің, қайсарлық пен ерліктің нағыз символы. Оның өмірі мен ерлігі жастарды елін сүюге, батыл болуға, жауапкершілікке тәрбиелеу. Дайындаған: Дюсекеев Д.Ж.