Текст
15.12.2025
«Адал азамат» біртұтас бағдарламасы бүгін 15.12 күні Тәуелсіздік күніне орай мектебіміздің 5 сынып оқушылары үшін «Тәуелсіздік - теңдігі жоқ байлығым» сынып сабағы өткізілді. «Бірлік пен ыңтымақ» айына байланысты жұмыстар жүргізілді.
Мақсаты; Оқушыларға білім бере отырып, сонау тереңде жатқан туған топырағының тарихын таныту. Егемендіктің мәнін түсіндіріп, Отаны үшін отқа түсетін азамат тәрбиелеу. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру. Оқушыларға көптеген мәліметтер берілді. Еліміздің болашағы жастар.
Сынып жетекшісі: Дюсекеева Г.К.