08.01.2026
“Адал азамат” бағдарламасы бойынша өтілген “ Бірлік пен ыңтымақ” айындағы келесі іс - шара Бауыржан Момышұлы туралы болды.
1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. Ол – Ұлы Отан соғысында Мәскеу түбіндегі шайқаста ерлік көрсеткен батыр, елінің нағыз патриоты. Оның ерлігі мен батылдығы бүгінгі ұрпаққа үлгі, отансүйгіштіктің биік символы.
Бауыржан атамыз:
«Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» – деп, ел мен жерді қорғаудың, бірліктің маңызын ерекше атап өткен.
Соғыстан кейінгі жылдары Бауыржан Момышұлы қалам алып, өзінің әскери тәжірибесін, өмірлік ұстанымдарын кітап бетіне түсірді. Оның «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас» сияқты шығармалары – өскелең ұрпаққа рухани тәрбие беретін құнды мұра.
Мақсаты: батыр бабамыздың ерлігін дәріптеу, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім мен елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Дайындаған: Дюсекеев Д.Ж.