21.01.2026
"Адал азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында "Заң және тәртіп" айлығы аясындағы іс-шаралар жоспары бойынша 21 қаңтарда 5-8 сынып оқушылары "Заң жасөспірімнің көзімен"эссе байқауына қатысты.
Оқушылар өз жұмыстарында құқықтар мен жауапкершілік арасындағы байланысты талдап, әділеттілік, теңдік және қоғамдағы қауіпсіз өмірді қамтамасыз етудегі заңның рөлі туралы түсініктерін білдірді.
Эсседе көрсетілген негізгі аспектілер: құқықтар мен міндеттер, әділеттілік, жауапкершілік және жасөспірімнің рөлі.
Заңды жасөспірімдер теңдікті қамтамасыз ететін, бірақ олардың әрекеттері үшін жауапкершілікті талап ететін қалқан ретінде қабылдайды.
Конкурс қорытындысы бойынша
🥇1 орынды 8 сынып оқушысы Амантаева Дильназ иеленді,
🥈2 орын-Ғабдулина А.,
🥉3 орын-Елеуова к.
👏 👏 👏Құттықтаймыз!!!