09.02.2026
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында негізделген ақпан айы: “Жасампаздық және Жаңашылдық айы” болып негізделген. Осыған тұспа - тұс келген 15 ақпан - “ Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күні” - орай салтанатты жиын өтті. Линейканы Мемлекетіміздің Гимімен бастап, оқушылардың берген мәліметтерімен бастадық.
15 ақпан-1989 жылы Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының аяқталуына орай құрылған Отаннан тыс жерлерде қызмет еткен жауынгерлерді еске алу күні. Бұл күннің мақсаты - қаза тапқан жауынгерлер мен ардагерлерге құрмет көрсету және сарбаздардың батылдығы туралы тарихи естеліктерді сақтау.
*Атаулы күннің негізгі мақсаттары:*
Еске алу және қайғы: Ауған соғысында қаза тапқан 15 мыңнан астам кеңес әскерін еске алу (1979-1989).
Еңбегін мойындау:
“Ауғандықтар” ардагерлеріне және антты адал орындаған барлық интернационалист жауынгерлерге құрмет көрсету.
*Әскери-патриоттық тәрбие:* өскелең ұрпақтың отандастарының тарихына, батылдығы мен еңбегіне деген құрметін қалыптастыру.
1989 жылы 15 ақпанда 40-армия қолбасшысы генерал-лейтенант Борис Громов 10 жылдық соғыстың аяқталуын білдіретін Амудария көпірінен өткен соңғы Кеңес әскері болды.
Алғашқы әскери дайындық мұғалім: Дюсекеев Д.Ж.