12.02.2026
Бүгін мектебімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған пікірлер презентациясы көрсетілді.Тақырыбы:
«Білім беру құқықтық қатынастарында Конституция нормаларын қолдану тәжірибесі”атты презентация көрсетілді. Қазақстан Республикасының Конституциясы – 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған мемлекеттің Ата Заңы. Ол егемендік, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің негіздерін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік құрылымды айқындайды. Құжат жоғары заңды күшке ие және 2022 жылғы референдум нәтижелерін қоса алғанда, бірнеше рет толықтырылды.
Конституцияның негізгі аспектілері:
Қабылдануы: 1995 жылы 30 тамызда.
Құрылымы: Кіріспе, 9 бөлім және 98 баптан тұрады.
Мемлекеттік құрылымы: Қазақстан – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
Ең қымбат қазына: Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі ресми түрде тең қолданылауда. Мемлекеттік және жеке меншік тең дәрежеде қорғалады.
Конституция бойынша, ең жоғары билік халықтың қолында және ол билікті тікелей референдум немесе парламент арқылы жүзеге асырылады.
АӘД мұғалімі: Дюсекеев Д.Ж.