15.02.2026
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Жасампаздық пен Жаңашылдық» айына орай 15 ақпан Ауғанстаннан келген әскерлерге арналған мектепте 5 - 11 оқушыларына видео фильм көрсетілді.
Ауған соғысы ардагерлерін еске алу күніне орай мектебімізде оқушыларға арналған арнайы фильм көрсетілімі ұйымдастырылды. Мақсаты: Жас ұрпаққа Ауған соғысының тарихи маңызын түсіндіру, қаза тапқан жауынгерлердің ерлігін ұмытпау және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Фильм барысында оқушылар Ауған соғысының тарихымен танысып, сол кезеңдегі жауынгерлердің батылдығы мен қайсарлығы туралы мәлімет алды. Көрсетілімнен кейін оқушылар өз ойларымен бөлісіп, бейбіт өмірдің қадірін түсіну, елге деген құрмет пен жауапкершілік жайында пікір алмасты.
Мұндай тәрбиелік шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, тарихқа құрметпен қарауға үйретеді.
АӘД мұғалімі: Дюсекеев Д.Ж.