17.02.2026
Мектебімізде апта сайын «Жас сарбаз» әскери-патриоттық үйірмесі тұрақты түрде өткізіледі. Үйірменің негізгі мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскери қызметке қызығушылығын арттыру, жауапкершілік пен тәртіпке баулу.
Сабақ барысында оқушылар саптық дайындық, алғашқы әскери дайындық элементтері, қару-жарақтың құрылысымен танысу, қауіпсіздік ережелерін сақтау, сондай-ақ нысана көздеу жаттығуларын үйренеді. Тәжірибелік бөлімде оқушылар пневматикалық винтовкамен ату тәсілдерін меңгеріп, дұрыс тыныс алу, дене қалпын сақтау, дәлдікке жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырады.
Үйірме жұмысы оқушылардың батылдық, шапшаңдық, ептілік қасиеттерін дамытып қана қоймай, өзара сыйластық пен командалық рухты нығайтады. Сонымен қатар, әскери мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттырып, болашақта Отан қорғауға дайын, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. Жетекшісі: Дюсекеев Д.Ж.