"Ақмола облысы білім  басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сары-Оба станциясының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 1 станции Сары-Оба отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектебіміздің жоспарына сай 1–11 сынып оқушыларының арасында «Азаматтық қорғаныс – қауіпсіздік кепілі» тақырыбында танымдық әңгіме өткізілді.

26.02.2026

Мектебіміздің жоспарына сай 1–11 сынып оқушыларының арасында «Азаматтық қорғаныс – қауіпсіздік кепілі» тақырыбында танымдық әңгіме өткізілді. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық (АӘД) пәнінің мұғалімі ұйымдастырды.
Әңгіме барысында оқушыларға азаматтық қорғаныстың негізгі мақсаты: халықты табиғи апаттардан, төтенше жағдайлардан және басқа да қауіп-қатерлерден қорғау екені түсіндірілді. Сонымен қатар жер сілкінісі, өрт, су тасқыны сияқты төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау ережелері айтылды.
Оқушыларға дабыл белгілері, эвакуациялау тәртібі, алғашқы көмек көрсету жолдары туралы мағлұмат берілді. Қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр адамның міндеті екені ерекше атап өтілді.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді. Мұндай тәрбиелік мәні зор кездесулер жас ұрпақтың жауапкершілігін арттырып, төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет етуге үйретеді.
Азаматтық қорғаныс – әр азаматтың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды жүйе. Сондықтан қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Өткізген: Дюсекеев Д.Ж.

Просмотров: 337


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст