Текст
01.03.2026
"Шабыт" жобасының "Адал азамат" тәрбие бағдарламасы аясында "Сары-Оба станциясының № 1 жалпы білім беретін мектебі" КММ музыка мұғалімі Т.Л. Нұғманова қазақ даласының ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған көрме ұйымдастырды. Ж. Жабаев өзінің барлық ұзақ және жемісті өмірін ең жақсы адами қасиеттерді дәріптеуге арнады. 1-6 сынып оқушылары ақынның өмірбаяндық деректерімен танысып, оның кім екенін, бізге қандай өлмес мұра қалдырғанын білді. Қазір ақынның өлеңдері 50-ден астам шет тілдерінде айтылады. Ақынның шығармашылығы бүгінгі күнге дейін өзектілігін сақтап қалды.