23.02.2026
Мектебімізде «Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардан қорғау» тақырыбында салтанатты линейка өткізілді. Мақсаты – оқушыларға төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік ережелерін сақтау және азаматтық қорғаныстың маңызын түсіндіру.
Жиын барысында оқушыларға табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету жолдары таныстырылды. Азаматтық қорғаныс саласының мамандары қауіпсіздік шаралары, эвакуация тәртібі және алғашқы көмек көрсету туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Оқушылар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал етеді.
Азаматтық қорғаныс – әр азаматтың қауіпсіз өмір сүруінің кепілі. Сондықтан қауіпсіздік ережелерін білу және оны сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Жауапты: Дюсекеев Д.Ж.