03.03.2026
Мектебіміздің Азаматтық қорғаныс және әскери дайындық (АӘД) пәні мұғалімі су тасқыны қаупі жоғары кезеңге байланысты оқушылар арасында түсіндірме және практикалық жұмыстар жүргізді.
Спорт залында ұйымдастырылған арнайы жаттығуда оқушылар су тасқыны кезіндегі қауіпсіз әрекет ету ережелерін, үрлемелі қайықпен қозғалу техникасын және құтқару әдістерін меңгерді. Құтқарушылардың нұсқауымен балалар сап түзіп, қайыққа отыру, ескектеу, теңселмеу және қауіпсіз қозғалу дағдыларын практика жүзінде көрсетті.
Су тасқыны кезінде есте сақтау керек негізгі ережелер:
✅Су деңгейі көтерілгенде тыныштықты сақтаңыз, паника жасамаңыз.
✅Суға түспеңіз! Тіпті тізеден келетін ағын адамды ағызып әкетеді.
✅Биік жерге (2-қабат, шатыр) шығыңыз немесе эвакуация пунктіне барыңыз.
✅Электр құралдарын өшіріп, газды жабыңыз.
✅Құтқару қызметіне (112) дереу хабарласыңыз.
✅Құтқару жилетін киіңіз және құтқарушылардың нұсқауын орындаңыз.
Мұндай жаттығулар оқушылардың төтенше жағдайларда саспай, дұрыс әрекет ету қабілетін арттырады.
Мектеп ұжымы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолға алады. Өткізген: Дюсекеев Д.Ж.