Текст
Біртұтас бағдарламасы бойынша “Шабыт” жобасы аясында сыныптар арасында “Ананың аялы алақаны» челленджі өтті. Мақсаты: Ардақты анамызды құрметтеу.
Ана – әр адамның өміріндегі ең қымбат жан. Оның аялы алақаны бізге кішкентай кезімізден жылу мен мейірім сыйлап келеді. Ана қолының жылуы – қамқорлықтың, махаббаттың және шексіз жанашырлықтың белгісі. Қиналған сәтте жұбатып, қуанышта бірге шаттанатын да – ана.
Осы «Ананың аялы алақаны» челленджі арқылы біз аналарымызға деген құрметіміз бен алғысымызды білдіреміз. Ана еңбегі – өлшеусіз, ана мейірімі – шексіз. Барлық аналарға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, әр шаңыраққа береке мен бақыт тілейміз.5 сынып. Жетекшісі: Дюсекеева Г.К.