"Ақмола облысы білім  басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сары-Оба станциясының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 1 станции Сары-Оба отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бірыңғай «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында “Тәуелсіздік және Отаншылдық” айында біз қазақ халқының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт көшбасшыларының бірі Әлихан Бөкейханов өмірі мен қызметіне шолу жасадық.

05.03.2026

Бірыңғай «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында “Тәуелсіздік және Отаншылдық” айында біз қазақ халқының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт көшбасшыларының бірі Әлихан Бөкейханов өмірі мен қызметіне шолу жасадық. Биыл ұлы тұлғаның туғанына 160 жыл толып отыр.
Сабақ барысында оқушылар Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы, оның қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбегі, ел болашағы үшін атқарған қызметтері туралы мәліметтер алды. Сонымен қатар оның ағартушылық, саяси және ғылыми қызметі жайында айтылып, тарихи маңызы түсіндірілді.
Оқушылар ұлт тарихында өшпес із қалдырған тұлғаның өмірінен тағылым алып, отансүйгіштікке, елін құрметтеуге тәрбиеленді. Осындай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге баулиды.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:
Дюсекеева Г.К.

Просмотров: 1


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст