05.03.2026
Бірыңғай «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында “Тәуелсіздік және Отаншылдық” айында Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай жиналып отырмыз. 2026 жылы қазақ халқының ұлы жыр алыбы, ХХ ғасырдың Гомері атанған ақынның мерейтойын атап өту – біз үшін зор мәртебе.
Жамбыл Жабайұлы 1846 жылдың 28 ақпанында қазіргі Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде, Шапырашты тайпасының Екей руынан дүниеге келген. Ол 99 жыл өмір сүріп, 1945 жылдың 22 маусымында Алматы маңында (Ұзынағашта) бақиға аттанды.
Жамбыл ақын жас кезінен-ақ айтыс өнеріне қызығып, Сүйінбай Аронұлы сияқты ұлы ақыннан бата алып, жыр дүниесіне қадам басқан. Ол өмірінің көп бөлігін суырыпсалма ақындықпен, жыраулықпен өткізді. Айтыста ешкімге жеңілмеген, сөзден сөз асырмаған майталман ақын болды.
Мақсаты:
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыру. Оқушыларға ақынның өмір жолы, Сүйінбайдан бата алуы, айтыс өнеріндегі ұлылығы, батырлар жыры мен Кеңес дәуіріндегі патриоттық жырлары туралы толық мағлұмат беру.
Ұлттық әдебиет пен ауыз әдебиеті дәстүрін насихаттау. Жамбылдың домбырамен жырлаған өлеңдері, суырыпсалма өнері арқылы қазақ поэзиясының байлығын, эпикалық дәстүрді көрсету және оқушылардың қазақ әдебиетіне қызығушылығын арттыру.
Жас ұрпақта отансүйгіштік, елжандылық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:
Дюсекеева Г.К.