10.03.2026
"Адал азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында ай сайынғы "Қауіпсіз қоғам" профилактикалық іс-шаралары және "Заң және тәртіп" іс-шаралары аясында мектеп парламентінің көшбасшылары "Жасөспірім және Заң" ақпараттық акциясына белсенді қатысып, АИ бағдарламаларының көмегімен оқушылар арасында жадынамалар жасап, таратты.
Мақсаты: халықтың, әсіресе жасөспірімдер мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Жадынамалар арқылы адамдар қандай әрекеттердің заңды екенін және қайсысы жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін біледі. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға және заңдарға құрметпен қарауға көмектеседі.
Сонымен қатар, жадынамалар қоғамдағы қауіпсіз және жауапты мінез-құлықты үйретеді, әртүрлі жағдайларда қалай әрекет ету керектігін және Қайда көмек сұрау керектігін түсіндіреді. Олар тәртіпті, жауапкершілікті және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.