Текст
18.03.2026
"Адал Азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында біздің мектеп оқушылары арасында "Ұлттық ойын – ұлт қазынасы" күнделікті іс-шаралары өткізіледі. 16.03 – 18.03 аралығында 7 сынып оқушылары Наурызға арналған ұлттық ойындарға белсенді қатысып, ұйымдастырды.
Мақсаты: оқушылардың белсенді демалысын ұйымдастыру, жағымды эмоцияларды қалыптастыру, мектеп ұжымын біріктіру, қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениетін насихаттау.
Ойындардың көмегімен балалар киіз үйдің бөліктерін еске алып, Наурыз рәміздері мен қазақтың мақал-мәтелдерін қайталады.