Текст
19.03.2026
Бүгін 19 наурызда мектептің педагогикалық ұжымы "Күй күмбірі" домбырашылар челленджіне қатысты. АӘДМ мұғалімі Д. Ж. Дүйсекеев "Наурызама" онкүндігін мерекелеу аясында шағын орталықтың педагогтары мен тәрбиеленушілеріне арналған белгілі күйлерді орындады.
Мақсаты: ұлттық аспапты дәріптеу, дәстүрлі өнерге деген қызығушылықты дамыту.
Челлендж Наурыз мейрамын мерекелеу аясында өтті және еліміздің барлық мектептерін қамтыған жалпы республикалық бастаманың бір бөлігі болды. Ол рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, патриотизмді нығайтуға және ұлттық мәдени мұраны сақтауға ықпал етті.