"Ақмола облысы білім  басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сары-Оба станциясының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 1 станции Сары-Оба отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Адал Азамат тәрбиелік бағдарламасы аясында “Тәуелсіздік және Отаншылдық” айында өтетін келесі мерекенің бірі - «Наурыз – жыл басы».

16.03.2026

Адал Азамат тәрбиелік бағдарламасы аясында “Тәуелсіздік және Отаншылдық” айында өтетін келесі мерекенің бірі - «Наурыз – жыл басы».
Мақсаты:Оқушыларға Наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуге, бірлік пен татулыққа тәрбиелеу.
Наурыз – қазақ халқының ең көне әрі ең қастерлі мейрамдарының бірі. Бұл күн – күн мен түн теңелетін, табиғат жаңарып, жер беті жасыл желекке бөленетін ерекше кезең. Сондықтан халқымыз Наурызды жыл басы деп санаған.
Ұлыстың ұлы күнінде адамдар бір-біріне ақ тілектер айтып, өкпе-реніштерін кешірген. Әр үйде дастархан жайылып, ұлттық тағамдар дайындалған. Соның ішінде Наурыз көже ерекше орын алады. Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалады. Бұл – молшылық пен берекенің белгісі.
Мереке күндері алтыбақан құрылып, ұлттық ойындар ойналады. Адамдар ән айтып, би билеп, қуанышқа бөленеді. Наурыз – тек көктемнің келуі ғана емес, ол – жаңару, ізгілік пен татулықтың мейрамы.
Наурыз – бірлік пен достықтың, мейірім мен сыйластықтың символы. Сондықтан бұл мереке әр жүрекке жылулық сыйлайды.
Сынып жетекшісі: Дюсекеева Г.К.

Просмотров: 2


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст