Текст
28.03.2026
"Адал азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында "Қамқор" жобасы және іс-шаралар жоспарына сәйкес 1 сынып оқушылары "Жер сағаты"челленджіне қатысты.
Құндылық: тәуелсіздік және патриотизм.
Мақсаты: планетаның табиғаты мен болашағын сақтау үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Экологиялық мәдениетті және ресурстарға (электр энергиясы, су, табиғи байлық) ұқыпты қарауды қалыптастыру.
"Жер сағаты" акциясы-Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры бүкіл әлем бойынша адамдарға планетаның болашағы туралы алаңдаушылықтарын білдіру үшін бір сағат бойы шамдарды өшіруді ұсынатын халықаралық бастама. 2026 жылы Жер сағаты 28 наурызда 20:30-дан 21:30-ға дейін өтті.
Сынып жетекшісі Андреева Н.В.