"Ақмола облысы білім  басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сары-Оба станциясының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 1 станции Сары-Оба отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасы аясында «Ұлттық ойын – ұлт ойыны» атты күнделікті мектебімізде үзіліс уақыттарында ұлттық ойындар ойнатылады.

03.04.2026

«Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасы аясында «Ұлттық ойын – ұлт ойыны» атты күнделікті мектебімізде үзіліс уақыттарында ұлттық ойындар ойнатылады. Бүгінде “Серпіліс” атты ойын ойнатылды.
30.03 - 03.04 сәуір айында үзіліс кезіңде бастауыш сынып оқушылары үшін ойындар ұйымдастырылды.
🎲 «Серпіліс» ойыны
Үзіліс кезінде оқушылар «Серпіліс» ойынын ойнады. Бұл ойын балалардың қызығушылығын арттырып, жылдам ойлауына және есептеу дағдыларының дамуына ықпал етеді. Ойын барысында оқушылар кубикті лақтырып, шыққан сан бойынша алға жылжиды. Егер сатыға түссе – жоғары көтеріледі, ал жыланға тап болса – кері қайтады.
Оқушылар ойын кезінде бір-біріне қолдау көрсетіп, жеңіске жетуге талпынады. Бұл ойын тек көңіл көтеру ғана емес, сонымен қатар достық қарым-қатынасты нығайтады.
🎯 Мақсаты:
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту;
Зейінін, шапшаңдығын арттыру;
Санай білу дағдысын жетілдіру;
Достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Үзіліс уақытын тиімді әрі қызықты ұйымдастыру
Кезекші мұғалім: Дюсекеева Г.К.

Просмотров: 1


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст