"Ақмола облысы білім  басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сары-Оба станциясының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 1 станции Сары-Оба отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Адал азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында құндылығы: Тәуелсіздік және патриотизм, заң және тәртіп, 08.04.2026 11-сыныпта "білім беру – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар"тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

08.04.2026

"Адал азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында құндылығы: Тәуелсіздік және патриотизм, заң және тәртіп, 08.04.2026 11-сыныпта "білім беру – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар"тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Оның мақсаты-Оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру,олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру..
Сынып сағаты барысында оқушылар ҚР жаңа Конституциясының негізгі мазмұнымен танысты. Жаңа өзгерістердің маңызды бағыты білім, ғылым, мәдениет және инновацияларды дамыту болып табылады. Бұл Қазақстанның болашағы тек табиғи ресурстармен ғана емес, ең алдымен білімді, шығармашылық және белсенді азаматтармен байланысты екенін көрсетеді. Жаңа Конституцияда цифрлық дәуірдің талаптарына да ерекше назар аударылған. Мысалы, цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілді.Қазақстанның болашағы ең алдымен білімді, білікті және шығармашылық азаматтармен байланысты.
Сабақтың практикалық бөлімінде 30 – бап талқыланды-білім алу құқығы қоғамның негізгі құндылығы ретінде және білім берудің адам мен қоғам үшін маңыздылығын анықтады.
Соңында олар жаңа Конституцияны зерттеу тек оқу мен талдау ғана емес, сонымен қатар оның принциптерін күнделікті өмірде қолдану, бұл әр азаматтың міндеті деп тұжырымдады. Өз құқықтарымызды білейік, міндеттер туралы ұмытпайық және Отанымыздың дамуына үлес қосайық!
Сынып жетекшісі В. А. Абельдинова

Просмотров: 32


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст