16.04.2026
«Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасы аясында «Біз әртүрліміз – біз теңбіз» жобасы бойынша «Dosbollike» бағдарламасы шеңберінде
5 - сыныпта «Мен табысты бола аламын!»,”Өзіңді буллингтен қорға” Қауіпсіздік сабағы √29 сабақ “ Пайдалы әдеттер” тақырыбында сынып сабағы өткізілді.
Мақсаты:
Оқушыларға буллингтің не екенін түсіндіру, оның түрлерін ажырата білуге үйрету және өздерін қорғай алу дағдыларын қалыптастыру; өзара сыйластық пен қолдау мәдениетін дамыту.
Буллинг – бұл біреуді әдейі ренжіту, қорлау, мазақтау немесе шеттету. Ол мектепте, көшеде немесе әлеуметтік желіде болуы мүмкін. Буллингтің түрлері: сөзбен кемсіту, итеру немесе ұру, әдейі елемеу, интернет арқылы жағымсыз хабарламалар жазу.
Егер сен буллингке тап болсаң, үндемей қалма. Ең алдымен өзіңді кінәлама. Сабыр сақтап, батыл түрде «Тоқта!» деп айтуға тырыс. Қауіпсіз жерге барып, сенімді ересек адамға – ата-анаңа, мұғалімге немесе мектеп психологіне айт. Досың буллингке ұшыраса, оны қолдап, жалғыз қалдырма.
Біз бір-бірімізге құрметпен қарап, жылы сөз айтып, көмектескен кезде ғана мектепте қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптасады. Әр оқушы өзін қауіпсіз сезінуге құқылы.
Сынып жетекшісі: Дюсекеева Г.К.