20.04.2026
"Адал азамат" Бірыңғай тәрбие бағдарламасы және "Менің Қазақстаным" апталық іс - шаралары аясында – жиынның басында ҚР Әнұраны орындалды, "Балалар кітапханасы" жобасы аясында "23 сәуір-ҚР Ұлттық кітап күні"тақырыбында жиын өткізілді.
Кітапханашы оқушыларға мерекенің пайда болу тарихы туралы айтып берді, сондай-ақ "кітапты шын жүректен сыйла"акциясы туралы жариялады.📚📚📚
Қазақстанда Ұлттық кітап күні 23 сәуірде атап өтіледі. Мереке Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен (2024-2025 жж.) оқу мәдениетін қалыптастыру, әдебиетке деген қызығушылықты арттыру және кітапты білім көзі ретінде ілгерілету үшін белгіленді. Бұл күн Халықаралық кітап және авторлық құқық күнімен сәйкес келеді. 🖌️🖌️🖌️
Мақсаты: жастарды оқуға деген сүйіспеншілікті ояту, кітапхана ісін қолдау және оқырман ұлтты тәрбиелеу.