Текст
20.04.2026
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Адал азамат» жобасы, «Шабыт» жобасы және ай сайын өткізілетін «Қоғамдық мүлікті қорға!» профилактикалық іс-шаралары шеңберінде мектебімізде «Қазақстан ескерткіштері» атты 5 сынып оқушыларына арналған сабақ өтті. 18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне және 15 сәуір – Халықаралық мәдениет күніне орай ұйымдастырылды.
Оқушылар Қазақстанның киелі жерлері бойынша саяхат жасау үшін міндетті түрде билет сатып алу қажет емес екенін дәлелдеді — оған тек талант, қағаз және өз тарихына деген терең құрмет жеткілікті!
Біз жай ғана құрғақ ақпаратты емес, еліміздің рухани әлеміне жетелейтін нағыз жолсілтеушілерді көрдік.
Жауапты: Дюсекеева Г.К.