Текст
28.04.2026
Бүгін 28.04.26 жылы 3 - 4 сынып оқушыларының арасында “Абай оқулары” байқауының аудандық кезеңінде “Өлең сөздің патшасы,сөз сарасы” атты номинациясы бойынша 4 сынып оқушы Кравченко Дарья белсене қатысты. Дарияның бұл алғашқы “Абай оқуларына” ат салысып тұрғаны. Бұл Абай оқуларында қазақ тілі орыс сыныптарында болса да, Абай атамыздың 7 өлеңнің жатқа айтты. Мықтысын. Дарияға тек алған бетінен таймай, алдағы байқауларға белсене қатысып, жеңіс тілеймін! Барлығы алда,тек қанатың талмасын. Мен үшін сен жеңімпазсын. Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Дюсекеева Г.К.