Текст
30.04.2026
Ақмола облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі бірлесіп, ағымдағы жылдың 30 сәуір күні сағат 10:00-де «Суды үнемде — болашақты сақта» жобасы аясында республикалық экологиялық сағат өткізілетінін хабарлайды.
Аталған іс-шараға облыстағы барлық орта білім беру ұйымдарының 10–11 сынып оқушылары, міндетті түрде қатысуы тиіс деген ақпаратты орындап, мектептегі оқушылар қатысты.
Республикалық экологиялық сағатқа қатысу ашық онлайн форматта YouTube арнасы арқылы жүзеге асырылады.