Текст
30.04.2026
Адал Азамат тәрбиелік бағдарламасы аясында “Тәуелсіздік және Отаншылдық” айында өтетін келесі сынып сағатының тақырыбы: «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз»
Қауіпсіздік сабағы
5-сынып:
«Төтенше жағдайлар қызметінің телефон нөмірлері»
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға төтенше жағдайларда қолданылатын маңызды телефон нөмірлерін таныстыру, оларды дұрыс қолдана білуге үйрету және қауіпсіздік ережелерін сақтауға баулу.
Төтенше жағдайлар қызметінің телефон нөмірлері:
112 – Бірыңғай шұғыл қызмет нөмірі
101 – Өрт сөндіру қызметі
102 – Полиция
103 – Жедел медициналық көмек
104 – Газ қызметі
Есте сақта!
Абай бол!
Дүрбелеңге берілме!
Дұрыс әрекет ет!
Басқаларға көмектес!
Қауіпсіздік – әркім үшін маңызды!
Сынып жетекшісі: Дюсекеева Г.К.