02.05.2026
Бірыңғай тәрбие бағдарламасы “Адал азамат”,”Бірлік пен Ынтымақ” құндылығына орай мектепте «Қазақстан батырлары» атты
Жалпымектептік салтанатты линейка өтті.
Мақсаты:
Оқушыларға Қазақстан батырларының ерлігін дәріптеу, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, патриоттық рухта тәрбиелеу, елін, жерін құрметтеуге және тарихи тұлғаларды қадірлеуге баулу.
Жалпымектептік салтанатты линейка Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Барлық оқушылар сап түзеп, ерекше құрметпен Әнұранды бірге орындады. Бұл сәт оқушылардың Отанға деген мақтаныш сезімін арттырып, бірлік пен патриоттық рухты нығайтты.
Линейка барысында Қазақстан батырларының ерлігі мен ел үшін жасаған жанқиярлық істері туралы айтылды. Оқушылар батырлардың өмір жолымен танысып, олардың ерліктерінен үлгі алды.
Шара кезінде оқушылар тақырыпқа байланысты өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады. Әсіресе саппен жүріп ән айту көрінісі көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Жауапты: Дюсекеев Д.Ж.