04.05.2026
Бірыңғай тәрбие бағдарламасы “Адал азамат”, “ Бірлік пен Ынтымақ” құндылығына орай бүгін мектебімізде 5–9 сынып оқушылары арасында «Саптық ән және саптық жүріс байқауына» дайындық жұмыстары өтті. Аталған іс-шара барысында оқушылар сапта дұрыс жүру, бұйрықтарды нақты орындау, біркелкі қозғалу және патриоттық әндерді орындау дағдыларын жетілдірді. Дайындық жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Әр сынып өздерінің ұйымшылдығын, тәртібін және жауапкершілігін көрсете білді.
Мақсаты:
Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, әскери-патриоттық рухты қалыптастыру, саптық дайындық дағдыларын дамыту, тәртіп пен ұйымшылдыққа баулу, сондай-ақ топпен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру. Іс - шараға қатысқан команда орындар мен арнайы номинациялармен марапатталды.
🥇- орын 8 сынып
🥈- орын 7 сынып
🥉- орын 5 сынып марапатталды. Барлық оқушыларға қатысқандары үшін алғыс айтамын.
Жауапты: Дюсекеев Д.Ж.