"Ақмола облысы білім  басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сары-Оба станциясының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 1 станции Сары-Оба отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бірыңғай тәрбие бағдарламасы “Адал азамат”,”Бірлік пен Ынтымақ” құндылығына орай 7 мамыр күніне арналған «Ер есімі – ел есінде» атты мектепте ірге тақтасы дайындалып, оқушылармен түсіндірме жұмыстары өткізілді.

05.05.2026

Бірыңғай тәрбие бағдарламасы “Адал азамат”,”Бірлік пен Ынтымақ” құндылығына орай 7 мамыр күніне арналған «Ер есімі – ел есінде» атты мектепте ірге тақтасы дайындалып, оқушылармен түсіндірме жұмыстары өткізілді.
Ерлік – елдің рухын асқақтататын, ұрпаққа үлгі болатын қасиетті ұғым. Туған жерін, елін, халқын қорғау – әр азаматтың қасиетті борышы. Тарих беттерінде есімі алтын әріппен жазылған батырларымыздың ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Бүгінгі бейбіт өміріміз – сол ержүрек батырларымыздың жанқиярлық еңбегі мен қайсарлығының арқасы. Олар Отан үшін от кешіп, ел намысын қорғады. Біз олардың ерлігін мақтан тұтып, әрдайым құрметпен еске аламыз.
Қазіргі таңда да ел қорғаны болып жүрген сарбаздарымыз – сол батырлардың лайықты ізбасарлары. Олар ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқаруда.
Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Ерлердің есімі – ел жүрегінде мәңгі сақталады!
Мақсаты: Оқушыларға Отан қорғаушылардың ерлігін насихаттау, патриоттық сезімін ояту, елін, жерін сүюге тәрбиелеу, батырлардың өнегелі өмірі арқылы жас ұрпаққа рухани тәрбие беру. Жауапты: Дюсекеев Д.Ж.

Просмотров: 16


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст