"Ақмола облысы білім  басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сары-Оба станциясының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 1 станции Сары-Оба отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бірыңғай тәрбие бағдарламасы “Адал азамат”, “Бірлік пен Ынтымақ” құндылығына орай 5 - 11 сынып оқушыларына арнап 7 мамырға арналған «Отанды қорғаушылар» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

05.05.2026

Бірыңғай тәрбие бағдарламасы “Адал азамат”, “Бірлік пен Ынтымақ” құндылығына орай
5 - 11 сынып оқушыларына арнап 7 мамырға арналған «Отанды қорғаушылар»
тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Іс-шара барысында оқушылар Қазақстанның Қарулы Күштері, ел тыныштығын күзетіп жүрген сарбаздар мен батыр тұлғалар туралы мағлұмат алды. Бейнеролик арқылы жас ұрпақ Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық рух, елге қызмет етудің маңыздылығын терең түсінді.
Көрсетілім оқушылардың елін, жерін қорғауға деген құрметін арттырып, болашақта Отан алдындағы жауапкершілікті сезінуге ықпал етті. Сонымен қатар, әскери қызметтің маңызы мен ерлікке толы өмір жолдары үлгі ретінде ұсынылды.
Мақсаты:
Оқушыларға Отан қорғаушылардың ерлігін насихаттау, патриоттық тәрбие беру, елге деген сүйіспеншілікті арттыру және жас ұрпақты Отан алдындағы азаматтық борышын сезінуге тәрбиелеу.
Жауапты: Дюсекеев Д.Ж.

Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст