Текст
01.06.2026
Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шараның ашылу салтанаты ерекше көңіл-күйде өтті. Мерекенің ашылуы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіліп, балаларға достық пен бірліктің маңыздылығы насихатталды.
Салтанатты бөлімде оқушылар арнайы дайындалған қызыл батырманы басу арқылы мерекенің басталуын жариялады. Осы сәтте әсем әуен шырқалып, түрлі-түсті конфетти мен шашу шашылып, мерекелік атмосфера орнады. Балалар қуанышқа бөленіп, көтеріңкі көңіл-күймен мерекелік бағдарламаның басталуына куә болды.
Ашылу салтанаты мерекенің сәнін келтіріп, қатысушыларға жарқын әсер сыйлады. Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері мерекенің басты көркіне айналды.Жауапты: Жанабаева Н.А.,Муканова Р.Х., Дюсекеева Г.К.