Текст
2021 жылдың 4 желтоқсанында Аршалын ауданы әкімдігінің демеушілігімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында біздің балалар үшін Нұр-Сұлтан қаласына экскурсия ұйымдастырылды. Студенттеріміз Е.Суржикова, А.Чижикова Тұңғыш Президент мұражайын, «Бәйтерек» монументін және ЭКСПО – 2017 көрмесін тамашалады. Балаларға астанамыздың осындай тамаша жерлеріне экскурсия өте ұнады. Осындай тамаша шараны ұйымдастырушыға шексіз алғысымды білдіргім келеді.