Текст
"Ақмола Дарыны" - Ақмола облысы УО дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2022 жылғы 10 Қарашада 8-11 сынып оқушыларына арналған лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың (облыстық) 2 турын (қашықтан) өткізді. Олимпиаданың мақсаты: ҚР дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру және тереңдету. Жеңімпаздар 24 қарашада өтетін 3 турға (республикалық) қатысады. Біздің мектептің 10-сынып оқушылары Суржикова Елена мен Амандосов Диар тіл білімі бойынша республикалық олимпиаданың 2-ші (облыстық) турына қатысты.