Текст
Екінші тоқсанның соңында оқушыларды қыс мезгіліндегі мінез құлық ережелерімен таныстыру мақсатында, жол қозғалысы ережелерін қайталау; оқушылардың қысқы ойындар кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсініктерін қалыптастыру; балалардың жарақаттануының алдын алу мақсатында көшеде, жолда оқушылардың мінез-құлқының негізгі ережелерін орындау дағдыларын тәрбиелеу мақсатында мектеп парламенті мен балалар бірлестігінің басшылары "қауіпсіз қысқы демалыс"тақырыбында жалпы мектептік жиын өткізді.