"Ақмола облысы білім  басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сары-Оба станциясының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа № 1 станции Сары-Оба отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мектепке жол" акциясы.

02.09.2023

"Мектепке жол" акциясы Сіздерді Республикалық "Мектепке жол"акциясы 2023 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында Аршалы ауданында "Мектепке жол"республикалық қайырымдылық акциясы басталады. Акцияның мақсаты-аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы төмен отбасылардағы балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. Биыл республикалық акция "Жақсылық жаса"ұранымен өтеді. "Мектепке жол" акциясы балаларды оқыту кезеңінде қолдауды кеңейтуге және арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке даярлауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке баратын жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға зейіні мен шынайы қамқорлығын көрсете алады. Біз тұрғындарымызды игі істі қолдауға және оған қатысуға шақырамыз! Толығырақ ақпарат алу үшін сізбалаларының оқу орнына хабарласыңыз.

Просмотров: 402


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст