Текст
Ағылшын тілі мұғалімі Т. Н. Осипова Тілдер күніне орайластырылған онкүндік аясында 5 сынып оқушыларына арналған "Полиглот" зияткерлік ойынын өткізді. Мақсаты: оқушылардың тілдік білімін дамытуға ықпал ету, екі және одан да көп тілдерді үйренуді ынталандыру, ынтымақтастыққа үйрету. Балалардың назары біздің өміріміздегі тілдердің рөліне аударылды. Оқушылар белгілі полиглоттар туралы біліп, презентацияны тамашалады. Ойын барысында командалар өз білімдерін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсете алды. Олар жұмбақтар шешті, викторина сұрақтарына жауап берді, жануарларды пантомимада бейнеледі, өлеңдер рифмаланды, мақал-мәтелдер құрастырды.