Текст
Мектептің өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру мақсатында 2023 жылдың 5 қазанында мектепте Мұғалімдер күніне арналған дубль күні өткізілді. Ұйымдастырушылар-мектеп Парламенті және педагогикалық ұжым. Директордың дубль күнін өткізу туралы бұйрығы алдын – ала шығарылды, кесте жасалды, егжей-тегжейлі нұсқау, кеңес беру, дубль оқушыларының міндеттерін баяндайтын жиналыс өткізілді. Дублер – оқушылармен шығармашылық сабақтар өткізілді. Балалардың сауалнамасының қорытындысы бойынша, оларға өзін - өзі басқару күні өте ұнады, жиі-жиі өткізуге тілек білдірді. Дублер күні дублерлердің қорытынды педагогикалық кеңесін өткізумен аяқталды, онда қорытындылар шығарылды