Текст
15 қарашада ҚР Ұлттық валютасы - теңгенің 30 жылдығына орай 5-9 сынып оқушылары арасында "Теңге –Қазақстанның ұлттық валютасы" зияткерлік ойыны өткізілді. Ойын барысында оқушыларда: Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерге құрмет, өз халқының тарихи мұрасы, жауапкершілік, ұжымшылдық, қарым-қатынас мәдениеті; оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін дамыту, танымдық заттар әлемінде бағдарлай білу сезімдері қалыптасады. Ойын халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, валюта туралы білімді дамытуға, оқушылардың ой-өрісін кеңейтуге ықпал етті. Бұл іс-шараның құндылығы: ұлттық қызығушылық.