Текст
8-сыныпта "Мамандықты дұрыс таңдау - табысқа жету жолы"тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушылар мамандықтардың түрлері туралы ақпарат алды, өздеріне ұнайтын мамандықты қалай дұрыс таңдау керектігі туралы әдістемемен танысты. Қазіргі заманғы мамандықтардың, болашақта сұранысқа ие мамандықтардың атауларын білдік. Шағын тест нәтижелері бойынша балалардың қандай мамандықтар тобына бейімділігі бар екенін анықтай алды.