Текст
1.04.24 ж. "қалдықтарға екінші өмір сыйла" жобасы аясында 7-сынып оқушыларына "қоқысты қайта өңдеу"сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: адал еңбекке деген құрметті қалыптастыру; экологиялық сананы тәрбиелеу. Ұлттық қызығушылық: қоғамның игілігі үшін қызмет ету. Сынып сағаты барысында оқушылар қоқысты қайта өңдеу кәсіпорындарының түрлерімен танысты. Қоршаған ортаның ластануы бойынша статистикалық деректерді көрсететін кестелерді талдадық. Сынып сағаты барысында біздің елді мекеннің экологиялық жағдайы және біздің елді мекендегі Қалдықтарды кәдеге жаратуға байланысты проблемалар туралы әңгімеге ерекше орын берілді.