Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен Қазақстанда бес аптаға созылатын "Таза Қазақстан" ауқымды экологиялық акциясы басталды. Әр жеті күн белгілі бір тақырыпқа арналған. Акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыпта өтеді. 1-ші апта (6, 13 сәуір) "Таза өлке"атауымен өтеді. Тұрғындар, қоғам қайраткерлері, ұйымдар, кәсіпорындар өз аумақтарын, аулаларын тазалайды. 2 – ші апта (20 сәуір)-"Киелі мекен" тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналады. 3-ші апта (27 сәуір) – "Жасыл аймақ" күні ағаш көшеттерін отырғызу, екпелерді әктеу ұйымдастырылады. 4-ші апта (4 мамыр) - "Өнегелі ұрпақ" күні ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумақтарын жинау және абаттандыру ұйымдастырылады. 5-ші апта (11 мамыр) – "Мөлдір бұлақ" деп аталатын күні өзендер мен көлдердің айналасын қоқыстан тазарту ұйымдастырылады.